2011 жылдың 10 қаңтарынан бастап режиссер Шәкен Аймановтың фильмдер жинағынан құралған DVD-дискілері сатылымға түседі. Жинаққа ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан, көпшіліктің сүйікті фильмдеріне айналған қазақтың ұлы режиссері Шәкен Аймановтың «Алдар-Көсе», «Тақиялы періште», «Ән шақырады», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен» туындылары кіреді.
Көрермен өз өтірігімен талай елдің санын қақтырған Алдар-Көсенің хикаяларын тамашалап, «Тақиялы періште», «Ән шақырады», «Біздің сүйікті дәрігер» фильміндегі сүйікті әуендерін тыңдап, шытырман оқиғалы «Атаманның ақыры» фильмінің кейіпкерімен қайта қауышып, «Атамекен» фильмінің жан тебірентер оқиға желісін қайта еске түсіріп, қазақ киносының тұңғиғына бойлап шығатынына кәміл сенеміз.
DVD-дискідегі фильмдер жинағын Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Қырғызстан мен Өзбекстан аумағында «Меломан» дүкендер желісінен сатып алуға болады.
![]() |
![]() |
![]() |