• 08.12.2010

    «Кешіккен махаббат» фильмінің тұсаукесер рәсімі

    7 желтоқсан күні 2010 жылы «Арман» кино орталығында режиссер Сәбит Құрманбековтың «Кешіккен махаббат» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Аталған фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Tanaris Кинокомпаниясы» ЖШС бірлесіп жасаған жобасы. Фильмдегі басты рөлдердің бірін әлемге әйгілі француз актері Жерар Депардье сомдады.

    Тұсаукесер рәсіміне Нұржұман Ықтымбаев, Жерар Депардье, Наталья Орынбасарова, Болат Қалымбетов, Сәбит Құрманбеков, Сергей Азимов сынды белгілі өнер майталмандары қатысты.

    Фильм басталмас бұрын Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті Ермек Аманшаев фильмінің экранға сәтті шығуымен түсірілім тобын құттықтады:

    — Бұл фильм — «Қазақфильм» үшін ерекше оқиға. Бұл жобаның жұмыстары былтыр көктем мезгілінде басталған болатын. Енді, міне, көптен күткен фильм көрермен назарына ұсынылды. Осы іспетті фильмдер күнде жарыққа шыға бермейді, сондықтан біз үшін бұл елеулі оқиға»,- деп, «Қазақфильм» басшылығы атап өтті.

    Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, фильмнің сценарий авторларының бірі Сергей Азимов көрермендерге өзінің жылы лебізін білдіріп, фильм жайындағы өз ойымен бөлісті:

    — Фильм адамдар арасындағы қарапайым қарым-қатынастар, ұлтымыздың алтын бесігі — ауыл жайында. Үлкенге ілтипат пен құрмет көрсету арқылы фильм барынша мейірімділік пен ізгілікке толы болып шықты.

    Ал француз киносының жұлдызы Жерар Депардье: «Фильм үміт жайында және әрқашанда аяқ-астынан пайда болып, бүкіл тұла бойыңды билейтін махаббат сезімі жайында», - деген ойын білдірді.

    Кинокартинаны және түсіру тобын таныстыру рәсімі кезінде режиссер Сәбит Құрманбеков фильмге қатысқан барлық актерлер мен түсірілім тобына алғысын айтып, оларды сахна төріне шақырды. «Бұл өте мейірімді фильм. Сондықтан, бұл фильм көрермен қауымның көңілінен шығып, прокатта да жақсы жетістіктерге жетеді деген сенімдімін»,— деген ойымен фильмнің режиссері Сәбит Құрманбеков бөлісті.

    «Кешіккен махаббат» фильмі бүгінгі күннің қарттары, оларды тағдыры мен мен өмірлік қиыншылықтары, қуаныштары жайындағы мейірімді, лирикалық фильм.

    Нежданная любовь Нежданная любовь Нежданная любовь
    Нежданная любовь Нежданная любовь Нежданная любовь
    Нежданная любовь Нежданная любовь Нежданная любовь


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019