Тамыз айының 23-нен бастап киностудияның ресми сайтының қазақша нұсқасы түгелдей дерлік іске қосылып, өз жұмысын бастады. Енді киностудияның тарихы мен бүгінгі күнгі даму бағытын, «Қазақфильм» киностудиясының, жаңа буын және белгілі кинорежиссерлердің, продюсерлердің, сонымен қатар клипмейкерлердің ұсынатын қызметтерін, елге танылған атақты актерлер жайында, және де кастингтер мен киностудияның жаңа туындылары жайындағы ақпаратты мемлекеттік тілде алуға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, қазақ тіліне мұрағаттағы барлық көркем, деректі, анимациялық фильмдердің және ретро-фильмдердің синопсистері аударылды. «Баспасөз қызметі» бөлімі жұмыс істейді.
«Қазақфильм» - бұл жаңа, заманауи технологияларды қолданып, әрдайым дамып отыратын кинокомпания. Киностудияның интернет жүйесіндегі Twitter, Kazakh.ru сайттарында арнайы блогтары бар және vkontakte.ru. әлеуметтік жүйесі арқылы барша киносүйер қауыммен тікелей байланыс орнатады. Сіз біздің сайттың RSS қызметіне қосылсаңыз, жаңа фильмдер туралы ақпаратпен және соңғы жаңалықтарды тұрақты түрде оқып отыруға мүмкіндік аласыз.
Құрметпен,
Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Баспасөз-қызметі