21 тамыз күні «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері мен түсіру топтарының арасында Шәкен Айманов кубогын иелену үшін футболдан жарыс өтті. Футбол додасына 6 құрама командалары қатысты. Олар: «Жеңіс», «Цифровик», «Атажұрт», «ОПС» және «Качели» топтары. Қазылар алқасы ретінде Қазақстанның Футбол Ассоциациясының кәсіби төрешілері шақырылды.
«Жеңіс» командасы өзінің біліктілігін матчтің бірінші минутында-ақ айқын дәлелдеді. Отандың кинематографтың кемеңгерлері өздерінің кәсіби деңгейімен ғана емес, сонымен қатар спорттық дайындықтарымен де ерекшеленді. Футбол алаңында спорт сүйер қауымның, әсіресе футбол жанкүйерлерінің көңілінен шыққан қызықты да әсерлі кезеңдер көп болды.
Қарсыластарын озып шыққан «Хозу», «Цифровик», «Жеңіс» және «Качели» топтары футбол алаңында өзара тартысқа түсті. Үшінші орынға ие болу үшін «Хозу» және Цифровик» құрама командалары бақ сынасып, қорытындысында қола жүлдесіннің иегері болып «Хозу» командасы танылды. Ақтық мәреде «Жеңіс» командасы мен «Качели» командасының ойыншылары кездесіп, «Жеңіс» командасы қарсыластарынан 2:0 ұпайымен алға шығып, бас жүлде Шәкен Айманов кубогын иеленді. «Качели» тобы жарыстың күміс жүлдегері атанды
Негізгі жүлдеден басқа, футболға қатысушыларды «Футбол ойындарына беріктік», «Үздік қақпашы», «Ең белсенді топ», «Ең үздік шабуылшы» номинациялар бойынша арнайы мақтау қағаздарымен марапаттады.
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы алдағы уақытта да спорттық дәстүрді сақтап, футбол жарыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып отыруды жоспарлауда.
![]() |
![]() |
![]() |
|
![]() |
![]() |
![]() |
|
![]() |
![]() |
![]() |
|
![]() |
![]() |
![]() |
|
![]() |