• 02.08.2011
    1457

    Локарно қаласында өткен 64-ші Халықаралық Кинофестиваль.

    2011 жылдың 3 мен 13 тамыз аралығында Швейцарияның Локарно қаласында 64-ші Халықаралық Кинофестивалі (Festival del film Locarno) өтеді.  Фестивальдің конкурстық бағдарламасына «Kadam» студиясымен бірлесе отырып Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Нариман Төребаевтың «Солнечные дни» фильмі іріктелініп алынды.

    Биыл фестиваль бағдарламасы аясында Португалия, Қытай, Аргентина, Италия, Франция, Швейцария, АҚШ картиналары  және Өзбекстанда түсірілген кәріс фильмі қатысты.  Қазылар алқасының төрағасы неміс кинорежиссері Кристоф Хохауслер («Я виновен», «Город внизу»). Фильмдердің көрсетілімі әдеттегідей, 8 мың көрерменге арналған  Пьяцца Гранде қала алаңында өткізілмек.

    - Жүлделі болатынымызға күмәніміз жоқ.  Өткен жылы осы фильмнің сценариі үшін «ең үздік сценарий» номинациясында жеңімпаз атандық. Сондықтан да фестиваль ұйымдастырушылары бұл фильммен таныс. Фильмнің басты тақырыбы – жалғыздық. Осының алдында түсірілген «Маленькие люди» фильмінің де тақырыбы осындай. 2003 жылы бұл фильм Локарно кинофестивалінде жоғарғы бағаға ие болды. Көрермендер жақсы қарсы алып, жоғарғы бағасын берді. «Солнечные дни» фильмі де көрермен көңілінен шығады деп сенемін.

    Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде  Джей Абрамстың «Супер 8», Джон Фавроның «Ковбои против пришельцев», Аки Каурисмякидің «Гавр» және  Николас  Виндинг Рефнаның  «Драйв» фильмдері көрсетілетін болады.

    dsc01604.jpg dsc01606.jpg dsc02125.jpg
    tourn + station ski 006.jpg tourn + station ski 095.jpg  tourn + station ski 474.jpg


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020