• 15.01.2011
    1596

    «Серпіліс» фильмі Голливудта өткен кинофестивальде жүлделі орыннан көрінді

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссері Қанағат Мұстафиннің «Серпіліс» фильмі Лос-Анджелес қаласында қарашаның 10 мен 13 аралығында өткен “All Sports Los Angeles Film Festival” кинофестивалінде «Ең үздік көркем фильм» номинациясында жүлделі үшінші орынға ие болды.

    - Шынымызды айтсақ, бұл фестиальде қандай да бір орынға қол жеткізетінімізге сенген жоқпыз, өйткені көптеген мемлекеттерден 100-ден аса фильмдер қатысты. Енді, қуанышымызда шек жоқ. Бізге осы фильмді түсіруге мүмкіндік берген «Қазақфильм» киностудиясына алғысымызды білдіреміз!-деді фильмнің продюсері Айдархан Әділбаев.

    Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана «Серпіліс» фильмі Ресейдің Липецк қаласында өткен VIII Халықаралық «Атлант» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысып, үшінші орыннан көрінген болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020