• 15.01.2011
    1617

    «Риэлтор» фильмі аты аңызға айналған Александр Башировтың кинофестивалінде арнайы жүлдеге қол жеткізді

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссері Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі ресейлік «Дебоширфильм – Чистые грезы-XIV» фестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды. Фестиваль «Адам іздеймін» деген ұранмен өтіп, «ержүрек, рухы биік, әрдайым ізденісте жүрген жандарға арналды» дейді ұйымдастырушылар.

    Фестивальдің президенті аты аңызға айналған актер және режиссер Александр Баширов («Игла», «Асса», «Чужая Белая и Рябой», «Железная Пята Олигархии»). Фестиваль 1997 жылдан бері Башировтың «ДебоширФильмСтудия» кинокомпаниясының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.

    Естеріңізге сала кетсек, «Риэлтор» фильмі Анапа қаласында өткен «Киношок-2011» кинофестивалінде де арнайы жүлдеге ие болып, VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде бақ сынаған болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020