• 08.01.2011
    2413

    Астана қаласында «Менің күнәлі періштем» фильмінің тұсаукесері өтті

    7 қарашада Астана қаласының «Арсенал 3D» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Талғат Теменовтың «Менің күнәлі періштем» фильмінің тұсаукесері өтті.

    Мерекелік іс-шараға құрметті қонақтар, ҚР мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Парламент және Сенат депутаттары, Астана қаласы әкімшілігі және ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты.

    Фильмнің режиссері Талғат Теменов түсіру тобымен бірге сахнаға шығып картинаны киносүйер қауымына таныстырды.

    «Не себепті күнәлі періште» деп жиі сұрайды. Адам мен Хауа ана жұмақ бағында пайда болғандарында періште болды емес пе. Махаббат үшін олар күнәлі болды. Бұл өзгермейтін және баршамызға үлгі болатындай оқиға», - деді фильмнің режиссері Талғат Теменов.

    Естеріңізге сала кетсек, «Менің күнәлі періштем» фильмі – бақытқа кенелу үшін небір сергелдеңнен өткен махаббат хикаясы. Дарынды жас әнші Айша Аброеваның аңсаған арманы – Франция сахнасында ән шырқап, Парижды бағындыру. Айшаның арманына қол жеткізуіне оның жебеушісі, аса ауқатты банкир Асхат Бабаевич қолдау көрсетеді. Дәл осы шешуші мезетте, яғни, Парижге шақыру қағазы келіп, аңсаған арманы қол созым жерде тұрған сәтте, тағдыр оған басқа бақытты бұйырады. Ол – өмірде бір-ақ мәрте келетін шынайы, мөлдір сезім еді...

    Алматы қаласында фильмнің тұсаукесері 9 қарашада «Арман» кинотеатрында өтеді. Ал 10 қарашадан бастап бұл фильм еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020