«Басты рөл» тележобасы – бұл жаңа отандық фильмдерге жарияланған ашық кастинг. Жобаға жасы 16-ға толған, өз күшіне сенімді дарынды жандар қатыса алады. Ең харизмалық және дарынды екі қатысушы актерлық шеберліктен дәріс алуға әлемдік киноиндустрияның жүрегі - Hollywood-қа жолдама алады.
Кастинг Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының үлкен павильонында өтеді.
5,6 қараша – іріктеу кезеңнен өткендердің қойылымдары
7 қараша – негізгі сайысқа жолдама алған жеңімпаздар тізімін жариялау
28 мен 31 қазан аралығында Астана қаласында іріктеу кезеңі өткен болатын. Кастингке 1000 –нан астам адам қатысты, олардың 10-ы ғана негізгі сайысқа өте алды. Олар: Алуа Қасенова, Далер Жабаров, Арай Рамазанова, Бекзат Ақылбеков, Бақтияр Өміров, Михаил Беликов, Айнұр Садвақасова, Албина Бекдәулет, татьяна Панич және Нұрбек Қаненов.
Алматыда өтіп жатқан кастинг нәтижелері 7 қарашада белгілі болады.