«Қазақфильм» және ЮНЕСКО жас дарынды балаларға «Балалық шағымның аспаны» фильмін көрсетті
30 қазан мен 8 қараша аралығында ЮНЕСКО Қазақстандық Ұлттық Федерация орталығы ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан мәдени іс-шара барысында, еліміздің көркем-сурет мектептері оқушылары мен Алматы қаласының жетім балаларына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы шығарған режиссері Рүстем Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетіледі. Бұл кездесуге жас актер Елжас Әлпиев, актер Ержан Жарылқасынов және Алмагүл Әлішева қатысатын болады.