• 01.01.2011
    1790

    «Шуақты күндер» фильмі Германияда өтетін фестивальде бақ сынайды

    1 қарашада Германияның Коттбус қаласында әлемдегі ең ірі шығыс-еуропалық кинолары фестивалі басталды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Нариман Төребаевтың «Шуақты күндер» фильмі фестивальдің халықаралық байқауында бақ сынайды.

    Фильмнің режиссері Нариман Төребаев қарашаның 6-на дейін жалғасатын фестивальде туындыны өзі таныстыратын болады.

    Естеріңізге сала кетсек, «Шуақты күндер» фильмі Локарно қаласында өткен Халықаралық Premio Boccalino кинофестивалінде тәуелсіз журналистер мен киносыншылардың арнайы жүлдесіне ие болған. Сонымен қатар бұл картина үшін Нариман Төребаев VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде үздік режиссура номинациясында үздік деп танылған болатын.

    Жоғарыда аталған кинофестиваль 1991 жылдан бері өткізіліп келеді. «Variety» журналының айтуына қарағанда, бұл фестиваль маңыздылығы жағынан әлем бойынша өткізілетін 50 фестивальдің қатарында. Фестивальдің құрметті қонақтары қатарында болғандар: танымал режиссерлер Иштван Сабо және Кшиштов Занусси, жазушы Шыңғыс Айтматов және актерлар Жан-Марк Барр және Анна Тальбах.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020