• 19.10.2011
    1779

    «Секер» және «А-ға оралу» фильмдері Ташкенттегі «Алтын Гепард» халықаралық кинофорумда көрсетіледі

    19 қазанда Ташкент қаласында «Алтын Гепард» атты халықаралық кинофорум басталды. Мәдени іс-шараның конкурстық бағдарламасына режиссері Сәбит Құрманбековтың «Секер» фильмі қатысады. Сонымен қатар арнайы бағдарламада режиссері Егор Кончаловскийдің «А-ға оралу» фильмі 3D форматында көрсетілетін болады. Бұл екі картина Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өнімі.

    - Таңдап алынған картиналар бізге өте ұнады. Барлығы да аса шеберлікпен жасалған, актерлық және операторлық жұмысымен, драматургиясымен ерекшеленеді. Бас жүлде үшін нағыз шеберлер күресінің куәсі болатынына сенімдімін,- деді «Алтын Гепард» кинофорумның арт-директоры, актер және режиссер Назым Туляходжаев.

    Қазылар алқасының төрағасы ұзақ жылдар бойы Берлин және Вениция қалаларында өткізілетін кинофестивальдерді басқарған Мориц де Хадельн мырза. Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамында Жапонияның кинорежиссері Шуния Ито, Францияның кино майталманы Ян Раймон, киносыншы Ханс Шлегель, кинопродюсер Пегги Чао, кинорежиссер Егор Кончаловский және актриса Ингеборга Дапкунайте бар.

    Сонымен қатар бұл кинофорумға Арманд Ассанте, Кэри Хироюки Тагава және Матиас Хьюз сияқты танымал голливуд актерлары, Дмитрий Дюжев, Лариса Гузеева, Никита Высоцкий, Олег Тактаров, Валерий Баринов, Елена Морозова, Алика Смехова, Валерий Николаев секілді ресейлік актерлер мен Сергей Соловьев, Павел Лунгин, Валерий Тодоровский сынды режиссерлар, тележүргізуші Сергей Шолохов және тағы да басқа танымал жұлдыздар қатысады.

    Германия, Ресей, Эстония, Норвегия, Литва, Жапония, Қытай, Иран, Әзірбайжан, Армения, Қазақстан және басқа де мемлекеттерден барлығы 140 жуық толықметражды картиналар, 80 астам қысқаметражды және 74 анимациялық фильмдер кинофорумға қатысуға тапсырыс берген.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020