• 08.10.2011
    1741

    Қырғыз кинематографистері «Қазақфильмде» қонақта болып қайтты

    7 қазанда «Қазақстандағы қырғыз кино күндері» мәдени шарасы аясында «Қазақфильмде» киностудия басшылығы Қырғызстаннан келген кинематографистер-әріптестерімен кездесті. Қонақтар киностудияны аралап, анимациялық және сандық кешенді, сонымен қатар қалпына келтірілген түсіру павильондарын көріп тамашалады.

    - Бәрі де жоғарғы деңгейде. Барлығы да таң қалдырды, әсіресе, Dolby Premiere дыбыс жазу студиясы - деді Қырғызстан Кинематографистер Одағының өкілі Садық Шернияз.

    Кездесу барысында қазақстандық және қырғызстандық кинематографтың қазіргі жағдайы, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі талқыланды. Отырыс соңында Қазақстан кинематографистерінің Қырғыз еліне іс-сапары туралы шешім қабылданды.

    Киностудияға келген қонақтардың қатарында «Қырғызфильм» киностудиясының бас директоры Талайбек Күлмендиев, режиссер-документалист, «Манас» қырғыз-түрік университетінің профессоры Артық Сүйіндіков және оның шәкірті режиссер-документалист Ульяна Коновалова болды. Қырғызстаннан келген қонақтарды қарсы алған киностудияның президенті Ермек Аманшаев, бас редакторы Дидар Амантай және даму жөніндегі атқарушы директор Ілияс Ахмет. Сонымен қатар, кездесуге Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы Игорь Вовнянко қатысты.

    Осы мәдени іс-шара шеңберінде Кино үйінде қырғыз фильмдерінің көрсетілімі, Қазақстан кинематографистері, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен көрермендермен шығармашылық кездесулер және Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы мен «Тұран» университеті телеарна мен кино академиясында арнайы кездесулер өткізілді.

    IMG_2869.JPG

    IMG_2872.JPG

    IMG_2890.JPG



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020