• 04.10.2011
    1519

    Жас буын режиссерлар «Қазақфильмнің» қолдауына ие болды

    VII Халықаралық «Еуразия» фестивалі шеңберінде өткен Бірінші «Қазақстан киножобалар нарығында» жеңіске жеткен режиссерларды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында дипломмен марапаттады.

    Эмир Байғазиннің «Гармония сабақтары» атты психологиялық драмасы «Қазақстан киножобалар нарығында» бас жүлдеге қол жеткізді. Жеңімпаз атанған жоба Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы тарапынан қаржылай қолдау алып, халықаралық деңгейде танылуына мүмкіндік алады. 22 қыркүйекте сынға түскен сегіз бірдей жобаларды талқылау барысында, бірнеше елдің кино майталмандары бір дауыста осы жобаға бас жүлдені беруді ұйғарды. Жеңіске жеткен жоба өзінің өзектілігі мен ызғарлығымен ерекшеленіп, халықаралық коммиссияның көңілін бірден баурап алды.

    Сонымен қатар Әділхан Ержановтың «Сұрапыл барымташылар» және Талғат Бектұрсыновтың «Үйге барар жолда» жобалары «Қазақстан киножобалар нарығының» дипломдарымен марапатталды.

    «Қазақстан киножобалар нарығы» шетелдік әріптерстермен тілдесіп, тәжірбие алмасуға мүмкіндік беретін Еуразия кинофестивалі шеңберінде өткізілетін маңызды іс-шаралардың бірі. Бұл бизнесс-алаңға шетелдің 35 сарапшылары (продюсерлер, «А» дәрежелі фестиваль және киноқор өкілдері, сату агенттері, халықаралық журналистер) және Қазақстан киноиндустриясының 150 астам өкілдері қатысты.

    - Алғаш рет өткізіліп отырған бұл іс-шара сәтті өтті деп ойлаймын. Халықаралық сарапшылар отандық режиссерлардың жобаларына үлкен қызығушылық танытты, сондықтан да жақын арада осы игі іс өз жемісін беретініне кәміл сенемін, - деді «Қазақстан киножобалар нарығының» директоры Анна Качко.

    IMG_2280.JPG

    IMG_2284.JPG

    IMG_2287.JPG

    IMG_2289.JPG

    IMG_2292.JPG



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020