• 01.10.2011

    «Қазақфильм» киностудиясы қарттарға фильмдер көрсетті

    1 қазанда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайымен бірлесе отырып, Халықаралық қарттар күніне орай «Сізге қамқор қолымды созамын» атты қайырымдылық акциясы шеңберінде фильмдердің көрсетілімін өткізді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткен бұл іс-шара барысында халықтың көңілінен шыққан ескі және соңғы жылдары түсірілген жаңа фильмдер көрсетілді. Олардың қатарында: Шәкен Аймановтың «Тақиялы періштесі», Сламбек Тәуекелдің «Жерұйығы», Рүстем Әбдірәшевтың «Балалық шағымның аспаны» фильмдері және 2011 жылдың желтоқсан айында үлкен экрандардан көрсетілетін Сәбит Құрманбековтың «Жиде. Кеш келген махаббат» картинасы көрсетілді.

    60 жастан асқан көрермендер фильмдерді үлкен қызығушылықпен тамашалап, отандық кинематографияның жеткен жетістіктері жөнінде сөз айтты. Жалпы бұл іс-шараға екі мыңнан астам зейнеткерлер қатысты.

    - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Мемлекеттік мұражай ұйымдастыруымен өтетін барлық мәдени іс-шараларға белсенді түрде қатысып отырады. Сонымен қатар ардагерлер мен балалар үйлерінде қайырымдылық көрсетілімдер өткізіп отырамыз,-деді киностудияның баспасөз хатшысы Алуа Баманқұлова.

    Халықаралық қарттар күні шеңберінде мұражай әкімшілігі «Ашық есік күнін» жариялап, Алматы қаласының барлық қарттары мен қала қонақтарына мәдени бағдарламаларды ұсынды. Зейнеткерлер мұражайды аралап тамашалауға, мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен әдеби-музыкалық кездесулерге қатысуға мүмкіндік алып, олардың арасында түрлі сайыстар мен ұтыс билеттер ойнатылды. Сонымен қатар, қарттарға медициналық қызмет көрсетіліп, демеушілер ұсынған түрлі сусындар мен тәтті тағамдар ұсынылды.

    IMG_5060.JPG

    IMG_5062.JPG

    IMG_5065.JPG

    IMG_5075.JPG

    IMG_5079.JPG

    IMG_5087.JPG

    IMG_5088.JPG

    IMG_5090.JPG

    IMG_5091.JPG

    IMG_50831.jpg



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019