• 23.08.2011

    «Ирония любви» фильмі Болгарияда өтетін Халықаралық фестивальге жолдама алды.

    poster_il_th.jpgШәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Ресейдің «Интерфест» компаниясымен бірлесіп түсірген, режиссерлері Ержан Рүстембеков пен Александр Черняевтың «Махаббат тәлкегі» фильмі 26 тамыз бен  1 қыркүйек аралығында Болгарияның Варна қаласында өтетін «Любовь-это сумасшествие» атты ХІХ Халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына іріктелініп алынды.  

    Естеріңізге сала кетсек, фильм Иван (Алексей Чадов) есімді адам қатардағы ботаник, өмірде жолы болмай жүрген жігітті өзіне қаратпақ болған Әсел (Әсел Сағатова) есімді сұлу бойжеткен және олардың арасында туындаған махаббат сезімі жайында.

    Аталған фестиваль 1993 жылы есігін ашып, биыл 19-шы рет өткізіліп отыр. Кинофестивальдің атауы - «Любовь – это сумасшествие», болгар режиссері түсірген аттас фильмінен алынған.  Осымен 19 рет өткізгелі отырған фестиваль әлемге кеңінен танылып отыр. Қазылар алқасының құрамында болған танымал кино қайраткерлері:  Жан Роа («Недели критика» Канны Халықаралық  кинофестивалінің директоры), Елем Климов (ресейлік режиссер), Андре Кюитерик (Монстағы махаббат тақырыбындағы фильмдерге арналған Халықаралық фестивалінің директоры), сондай-ақ көптеген болгар кино жұлдыздары.

    Өткен фестивальдердің  конкурстық бағдарламасына Жан-Пьера Жененің  «Амели», Майк Фиггистың  «Покидая Лас-Вегас», Лассе Халльстремның «Что гложет Гилберта Грейпа» сияқты фильмдер қатысқан болатын.

    Сонымен қатар  фестиваль шеңберінде  «Қазақфильм» киностудиясының соңғы жылдары түсірілген Фархат Шариповтың «Сказ о розовом зайце», Ақан Сатаевтың «Ликвидатор», Қанағат Мұстафиннің «Рывок», Хуат Ахметовтың «Кто Вы, господин Ка?», Сәбит Құрманбековтың «Секер» сияқты фильмдер көрсетілетін болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019