• 27.07.2011

    Журналистер «Лотерея» фильмінің түсіру алаңына барып қайтты.

    2011 жылдың 25 шілдесінде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіріп жатқан  режиссер Дамир Манабайдың «Лотерея» фильмінің түсіру алаңына журналистар барып қайтты.

    Фильмнің түсіру жұмыстары Алматы қаласындағы «Жетісу» конақжайында өтіп жатыр. Картинаның режиссері Дамир Манабайдың айтуына қарағанда, фильмнің оқиғасы 80-ші жылдарды қамтиды, сондықтан да аталған қонақжайдың сыртқы көрініс  сол уақытқа сай келеді.

    - Бұл менің сегізінші жұмысым. Комедия жанрындағы алғашқы жобам. Сондықтан да кішкене қорқыныш сезімдер бар. Өйткені анекдоттар айтып, елді күлдіру басқа да, сәтті комедия түсіру бір басқа. Картина қазіргі 60-қа келгендердің жастық шағын суреттейді. Кейіпкерлер ұтысқа ие болған билеттің соңынан жүгіріп, адамгершілік қасиеттерді ұмытады. 80-ші жылдары ұтыс билетке ие болған жандар нағыз жұлдыздар сияқты танымал болып, оларды телеарналардан көрсететін,- деді фильмнің режиссері Дамир Манабай.

    Фильмнің режисері  4 түсірілім күндердің қалғанын айтты. Содан кейін фильм монтаждалып, үлкен экрандардан 2012 жылдың наурыз айында көрсетілетін болады.

    Журналистер фильмнің түсіріліміне  қатысып, басты кейіпкерлерімен: 13 жасар Жасұлан Динамжановпен, Гюль Зиятова, Асхат Үрпеков, Саттар Ерубаевпен және Ләззат Қалдыбековамен  тілдесіп қайтты.

    img_8925.jpg img_3379.jpg img_3364.jpg
    img_3358.jpg img_3357  img_3356.jpg


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019