Құрметті журналистер!
2011 жылы 22 қырүйекте VII «Еуразия» халықаралық кинофестиваль шеңберінде кино шеберлеріне арналған «Қазақстан киножобаларының нарығы» атты кәсіби халықаралық бизнес алаңы өтеді.
«Қазақстан киножобаларының нарығы» Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастыруымен өткізгелі отыр. Іс-шараның директоры, ТМД-дағы EAVE (Еуропалық кинопродюсерлер ұйымы) ұйымының өкілі, Мәскеулік Халықаралық кинофестиваль аясында бірнеше жыл бойы «Moscow Business Square»ко-өнімі бойынша кинобизнес шараларды өткізіп келген кинопродюсер Анна Качко («Горячие Новости», «Байкоңыр», «Мың Бала»).
«Қазақстан киножобаларының нарығына» қатысуға Еуропа мен Азияның кинобизнес саласындағы алдыңғы қатардағы мамандары келеді: киноқорлар мен ірі ко-өнімі нарығының басшылары, танымал продюсерлер, телеарна өкілдері және сату бойынша агенттер мен дистрибуторлар. Олардың басты мақсаты-жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан Қазақстан киноөндірісімен етене танысу және кейбір жобаларды бірге ұйымдастыру.
Қазақстанның 7-10 жобасы ресми бағдарламасына қатысу үшін іріктелініп алынды. 22 қыркүйекте өткізілетін ашық тұсаукесер-питчинг кезінде бұл жобаларды оның режиссерлері, продюсерлері мен сценаристері таныстыратын болады. Сарапшылар тарапынан үздік деп танылған жоба «Қазақфильм» киностудиясының қолауына ие болады, сонымен қатар, еуропалық нарықта насихаттайтын және Еуропадан қосымша қаржыландыратын халықаралық продюсер бекітілетін болады.
Сондай-ақ, «Қазақстан киножобаларының нарығы» шеңберінде дөңгелек стөлдер, шебер класстар және еуропалық мамандармен кездесулер өткізіледі. Мәдени іс-шараға ресми түрде қатысатын 7-10 жобалардан басқа, кез келген жандар қатысып, Еуропадан келген сарапшыларға өзінің жобасы туралы айтып беруге мүмкіндігі бар. Қазақстан кино қайраткерлерін «Қазақстан киножобаларының нарығына» қатысуға шақырамыз.
Аталған шараға қатысу үшін 2011 жылдың 10 тамызына дейін сұранымды толтырып өткізу керек.
Жобаларды таңдауда қолданылатын талаптар:
Керек құжаттар:
Сондай-ақ, егер де сіздің жобаңыз халықаралық ко-өніміне сай болмаса, «Қазақстан киножобаларының нарығына» қатыса аласыз.
Бұл іс шараға кіру тегін. Қазақстан кино саласының өкілдері (продюсерлер, дистрбуторлар, режиссерлар, сценаристер, студенттер және т.б.) қатыса алады. Электронды пошта бойынша толтырылған сұранымды жолдап, алдын ала жазылып алуларыңыз қажет.
Қатысу үшін толтырылған сұранымдарыңызды және аккредитация алу үшін электронды поштаға: KazakhFilmProject@gmail.com жолдаңыздар.