• 18.07.2011

    Журналистер «Мың бала» фильмінің түсіру алаңына барып қайтты.

    Шет ел БАҚ өкілдерін қызықтыратыны -  қазақстандық киноиндустриясының   дамуы мен басқа елдермен ко-өнімі мүмкіндігі. Журналистер сапарын  «Қазақфильм» киностудиясын аралаудан бастады. Киностудияның заманауи техникалық мүмкіндіктерімен, оның ішінде  декорацияланған павильондарды, motion capture бағдарламасы орнатылған  анимациялық кешені мен  сандық кешеніндегі  бейне және дыбыс жазу лабараторияларын, DOLBY  қайта дыбыс жазу мен түсөңдеу лабараторияларымен танысты. .

    - Киностудияда барлық заманауи технологиялар орнатылған,- деді экскурсияның соңында,  британдық Sight&Sound және  Evening Standard басылымдардың тілшісі  Ник Роддик.

    5 шілдеде шет ел қонақтары тарихи-шытырман оқиғалы «Мың бала» фильмінің Үлкен Алматы өзенінде орналасқан  түсіру алаңына барып, жобаның режиссері Ақан Сатаевпен, басты рөлдердің кейіпкерлері Асылхан Төлепов және Әлия Телебарисовамен,  каскадерлер режиссері Жайдарбек Күнгожиновпен тілдесіп қайтты.

    12 шілдеде   отандық БАҚ өкілдері  де «Мың бала» фильмінің түсіру алаңына барып қайтты.

    - «Мың бала» - экшн элементі бар тарихи-шытырман оқиғалы фильм. Бұл өте үлкен жоба. Жалпы картинаны түсіру барысында 11 декарациялар салынды, 23 кеңесші тартылды. Режиссер Ақан Сатаев фильмнің әр кадрына ерекше көңіл бөлді. Шет ел мамандары да арнайы шақырылды, олардың қатарында  «Александр» фильмінде жұмыс істеген дыбысрежиссері  Жан Гудьер, монтаж режиссері  Николас Трамбасьевич («Перевозчик») және Кристофер Белл («Ультиматум Борна»), сонымен қатар төбелес қойылымдарды қойған  Тедди Чен («Телохранители и Убийцы») шақырылды,- деді фильмнің продюсері Әлия Увальжанова.  

    - Осындай үлкен жобада жұмыс жасап жатқаным, мен үшін үлкен құрмет. Фильмнің оқиғасы  18 ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Сол кездегі елеулі оқиғалардың бірі – Аңырақай шайқасы. Басты кейіпкердің есімі Сартай, ол жастайынан жетім қалған бала. Оның ата-анасы жоңғарлардың қолынан қаза болған. Алты жыл бойы Сартай тау-тастың арасында жасырынып жүріп, ер жетеді. Жасөспірімдерден құралған әскерді жасақтаған Сартай, отанын қорғауға аттанып, Аңырақай шайқасына қатысады, - деп  фильмнің режиссері Ақан Сатаев картинаны суреттеп берді.

    vse_vmeste2 operator podgotovka
    inter press1 press2


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019