• 16.05.2011
    2982

    ҚР Халық әртісі Нұржұман Ықтымбаевтың 70 жылдық мерейтойы

    14 мамыр күні М. Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында белгілі актер, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР халық әртісі Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.

    Қазақстанның ең танымал әрі талантты актерлерінің бірі Нұржұман Ықтымбаевты өнер жолындағы әріптестері Ментай Өтепбергенов, Болат Қалымбетов, Жаннат Қуанышева, Гүлнәр Дұсматова, режиссер Сламбек Тәуекел, Игроь Вовнянко, Сәбит Құрманбеков және де белгілі әнші, композитор ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев пен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевпен қатар жас буын актерлер де құттықтауға келді. Қонақтардың барлығы дерлік қызыл кілемнің үстімен жүріп өтсе, лимузинмен түскен той-думанның басты кейіпкері жиналған қауымның көрсеткен қошеметі мен ықыласына бөленіп, қызыл кілемнің үстімен өз отбасымен жүріп өтті.

    Мерекелік шараның шымылдығын талантты актер Нұржұман Ықтымбаев жайында түсірлген деректі фильммен ашылды. Фильмді тамашалаған көрермендер той иесі өнер жолына, кино әлеміне кездейсоқ келгендігінен хабардар болды. Кезінде Нұржұман Байжұманұлының ауылына Абдолла Қарсақбаев фильм түсіруге келеді екен. Міне, сол сәттен бастап, Нұржұман аға екі жүзге жуық фильмге түссе, оның 77 басты рөлді сомдаған екен.

    Мерекелік бағдарламаның келесі кезегі ресми өкілдерден келіп түскен құттықтау хатамаларында келді. Құттықтау хаттаманың алғашқысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан болды. Еске сала кетсек, жақын арада «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының әкесін сомдаған актер Н. Назарбаевтың қолынан марапат қағазын алған болатын. Содан кейін кеш мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтен, Астана әкімі Иманғали Тасмағанбетовтен, Алматы әкімі Ахметжан Есімовтен келіп түскен құттықтау хаттамаларын оқумен жалғасты. Сонымен қатар, мерейтой иесін құттықтау үшін танымал актердің жерлестері, Алтын емел ауылының тұрғындары келді. Жиналған жұрттың ду қол шапалағымен Нұржұман Ықтымбаевқа «Алматы облысының құрметті тұрғыны» атағы беріліп, шапан кигізіліп, ат мінгізіліп, жерлестері той иесінің мерейін бір көтеріп тастады.

    Мерекелік бағдарлама расымен де концерттік бағдарламадан еш бір кем түспеді. М. Әуезов атындағы  театр актерлері Нұржұман ағаның экранда сомдаған «Сталинге сыйлық» фильміндегі Қасым аға рөлі, «Секер» фильміндегі емшінің, француз актеры Жерар Депардьемен бітрге түскен «Кешіккен махаббат» фильмінде сомдаған күйеу жәгәт образдарынан жинақталған әзіл қойылым қонақтардың көңілін көтерді. Сол қойылымдардың арқасында туған күн иесін Жерар Депардьемен қатар Сталин мырзада құттықтады.

    Шығармашылық кеш барысында той иесіне арнап Алтынбек Қоразбаев біраз әндерін айтса, СССР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова «Тақиялы періште» фильмінде орындаған «Мама» әнін шырқады.

    «Нұржұман бүкіл қазақ елінің мақтанышы деді» — деді бұл бұл дауысты әнші. Жақын арада екеуіміз «Балалық шағымның аспаны» деп аталатын фильмге бірге түсіп едік. Бірақ оның кейіпкері фильмде пайда болғанда менің кейіпкерім өзге әлемге аттап кетіп еді» — деп, қалжындады хылақ әртісі Бибігүл Төлегенова.

    — «Бірақ сондада да осындай талантты актермен бір түсірілім алаңында бірге болу мен үшін үлкен мәртебе».

    Шығармашылық кештің шымылдығын «Балалық шағымның аспаны» фильмінде орындалған «Үшқоңыр» әні жапты.

    Кешті қорытындылай келе жиылған қауымға алғысын білдіре отырып, Нұржұман ықтымбаев былай деді: «Егер сіздер болмағанда, менің де болуым екіталай еді. Қазақ болып туылғаныма, қазақ жерінде туылып, қазақ еліне қызмет ететініме мақтанамын» — деп, той иесі өз сөзін аяқтап, жиналған меймандармен қоштасты.

    Нуржуман Ихтымбаев Нуржуман Ихтымбаев Нуржуман Ихтымбаев Нуржуман Ихтымбаев
    Нуржуман Ихтымбаев Нуржуман Ихтымбаев Нуржуман Ихтымбаев Нуржуман Ихтымбаев
    Нуржуман Ихтымбаев Нуржуман Ихтымбаев Нуржуман Ихтымбаев  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020