• 13.05.2011
    3366

    Қазақстандық киносуретші Нұрлан Әбішев Нью-Йоркте өткен байқауының жеңімпазы атанды

    13 мамыр күні 2011 жылы «Қазақфильм» киностудиясында қазақстандық суретші және киносуретші Нұрлан Әбішевтің Нью-Йоркте SPRING IN FULL COLOR деген атпен өткен көркемөнер байқауының жеңімпазы атануына орай баспасөз-конференциясы өтті.

    Биылғы жылдың көктем айларында ASA Art Gallery өркениетті өнер галереясы американдық сруетшілер Одағының: New York Realism Fine Art және Нью-Йорк Өнер Академиясының қамқорлығымен SPRING IN FULL COLOR атты Халықаралық көрме ұйымдастырды. Көрмеге әр елдің (АҚШ, Франция, Аргентина, Ресей және т.б.) суретшілері қатысқанымен, жерлесіміз Нұрлан Әбішевтің екі бірдей туындысы жоғары бағаға ие болды. Ол картиналалардың бірі «Мен сені сағынғанда» («Лирика» категориясы бойынша алтын медаль иегері) деп аталса, екіншісі «Шарын шатқалы» («Реализм» категориясының күміс жүлде иегері) деп аталады. Баспасөз-конференциясы кезінде суретші жиналған қауымға жүлделерімен, марапат қағаздарымен қатар, өзінің туындыларын да таныстырды. Сонымен қатар, журналистермен алған әсерімен, пікірімен бөлісті. Халықпен қауышу сәті дәл «Қазақфильм» киностудиясының қабырғасында өткендігіне ризашлығын білдірген суретші былай дейді: «Менің қуанышыммен бөлісуге дәл Қазақфильмге келгендеріңізге рахмет. Себебі, бұл жерде тек менің әріптестерім ған емес, менімен пікірлес, замандас құрбы-құрдастарымның барлығы осында».

    Құжаттама:

    Нұрлан Әбішев – қазақстандық суретші, график, әшекейлеуші, соңғы кездері көпшілікке кино суретшісі болып танылып жүр. 2004 жылы «Шәкен жұлдыздары-2004» фестивалінде «Қаладан келген қыз» фильмімен ең үздік қоюшы-суретші номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Кейіннен, осы жұмыс үшін Анапада өткен «КиноШок» фестивалінде Гран-Приді жеңіп алды, ал Челябинск қаласында өткен ресейлік «Золотой Витязь» фестивалінің лауреаты атанды. «Қазақфильм» киностудиясының бастамасымен қолға алынған Халықаралық «Көшпенділер» жобасы кезінде Нұрлан Франко Фумагаллидің («Ағылшын пациенті», «Өкіл әке» және т.б. фильмдеріндегі жұмыстары арқылы танымал болған ) басшылығымен аталмыш фильмнің декорациялар жөніндегі суретшісі болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, Нұрлан Әбішев көптеген қазақстандық авторларының кітаптарын иллюстрациялады. Олардың қатарында: К. Байпақовтың «Қазақстанның ежелгі қалалары», Н. Санжардың «Ақ ит-қара», «Жанталас», «Абрек», «Періште», Б. Шекеровтың әңгімелер жинағы «Кенеттен пайда болған мысық», «Шеміршектеу» және алғашқы қазақстандық комикс «Азрим» бар еді.

    Нұрлан Әбішевтің фильмографиясы:

    «Қаладан келген қыз» — қоюшы-суретші
    «Көшпенділер» — суретші-декоратор
    «Ағайынды» — қоюшы-суретші

    Көрмелер:

    2001 — «Жас суретшілер көрмесі», Т.К. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы. Алматы қаласы.
    2002 — Жаңа толқын суретшілерінің «Өзге әлем» атты көрмесі, «Ұлар» галереясы. Алматы қ-сы.
    2003 — VI жастар шығармашылығының Халықаралық «Шабыт» фестивалі. Астана қ-сы.
    2005 — «Бәйтерек» көрмесі Астана қ-сы.
    2008 — Центр Кредит Банкте «Өткелі пейзаждың романтикасы» атты жеке көрме
    2009 — «Ұлар» галереясында жеке көрме
    2009 — «Мен өзім Алма-ата кейпіндемін» жеке көрме. Орталық Мемлекеттік Музей
    2009 — «Алматыдағы күз» атты жас суретшілер көрмесі, музей Алматы қ-сы.
    2009 — «Қазақстанның Тәуелсіздік күні» көрме. Музей Алматы қ-сы.
    2010 — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қоры, көрме «Көркемөнердегі Ұлттык идея»
    2011 — Халықаралық SPRING IN FULL COLOR көрмесі, ASA Art Gallery өркениетті өнер галереяы, Нью-Йорк қ-сы, АҚШ

    Нурлан Абишев Нурлан Абишев Нурлан Абишев
    Нурлан Абишев Нурлан Абишев Нурлан Абишев
    Нурлан Абишев Нурлан Абишев  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020