• 12.05.2011
    2157

    Ардагерлер үйінде «Балалық шағымның аспаны» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Ардагерлер үйінде «Балалық шағымның аспаны» атты фильмнің қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырды.

    11 мамыр күні Алматыдағы Ардагерлер үйінде Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған, ҚР Тұңғыш Президентінің балалық шағы туралы түсірліген «Балалық шағымның аспаны» фильмін ардагерлер алғашқы кадрден-ақ жылы қабылдады. Дегенменде, бар ізгі тілектері мен фильм туралы ойларымен фильмнің біткеннен кейін ғана бөлісуді жөн көрді.

    — Фильм менің көңілімнен шықты, тіпті, көзіме жас келді — дейді 85 жастағы Қанапия Жақыпов. — Себебі, бұл кезең менің де балалық пен жастық шағымның кезеңі. Оқиға желісі соғыстан кейінгі кезеңді қамтиды екен, дәл сол уақытта мен де арманшыл жас едім, бар өмірім әлі алда еді. Қайран, естен кетпес балалық шақ! Осы фильмнің арқасында көңілді бір тербеп, жүректі елжіретіп алдық қой. — деп, қария сезімін жасырмады.

    Ұйымдастырушыларға алғысын жеткізе отырып, Қапапия ата фильмнің  барынша шынайы түсірілгендігін айта кетті.

    — Тамаша фильм, актерлері де қандай керемет. Ал бейнеленген табиғат қандай, жайсаң жазық дала, гүлдер, бәрі-бәрі көз тартар керемет екен деп, — зейнеткер Анна Чагинская өз эмоциясын жасырмады. — Қазақфильмге «он» деген баға қоямыз. Мен бұл фильмді тағы бір рет қайталап көріп шығар едім.

    — Расымен де, фильмдегі табиғат тамаша екен деп, басқа да көрермендермен келісе отырып, 72 жасар зейнеткер Бектұл Төлешұлы өз ойымен де бөлісті. — Дегенмен де мен фильмде көрсетілген табиғатты құстар әнімен одан әрі әсерлей түсер едім. Себебі, біздің кезіміздің табиғаты ерекше еді. Ауасы да таза, шөптің бояуы да қанық, ал сайраған құстардың дауысы тым бөлек еді.

    Бектұл атаның айтуы бойынша оның өнерге деген ықыласы жастайынан ерекше болды. Әсіресе кино мен театр десе, ішкен асын жерге қоятын. Сондықтан, қария көрермен ретінде тым талапшыл. Бірақ, соған қарамастан, Бектұл ата фильмге өте жоғары баға берді.

    Сезімдері мен ризашылықтарын жасырмаған барша көрермен киностудия ұжымына алғыстарын жеткізіп, қайтадан осындай тамаша фильмдермен келіп тұруларын өтінді. Еске сала кетсек, осы тәрізді қайырымдылық шара Ардагерлер үйінде осымен екінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылдың желтоқсан айында «Қыз Жібек» фильмінің 40 жылдығына орай өңдеуден өткен «Қыз Жібек» фильмі көрсетілген болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020