• 25.04.2011
    2491

    Асанәлі Әшімовке «Достастық Жұлдызы» сыйлығы табыс етілді

    Барлық фотосуреттерді көру

    Ашимов

    Жаңалықтар фотогалереясы

    Ашимов

    Ақпарат Хабар агенттігінен алынды

    23.04.2011 07:53

    Ашимов

    Мәскеуде Асанәлі Әшімовке «Достастық Жұлдызы» сыйлығы табыс етілді.

    Бұл марапат ТМД елдері кеңістігіндегі қоғамдық дамуға зор үлес қосқан мәдениет пен ғылымның көрнекті өкілдеріне беріледі.

    «Достастық Жұлдызы» сыйлығын тапсыру рәсіміне ғылым, саясат және өнердің ең жарқын өкілдері жиналды. Мәртебелі сыйлықты қабылдап тұрып Асанәлі Әшімов «Өнерге қызмет етемін!» деп қысқа жауап берді. Асанәлі Әшімов Кеңестік Одақ халқына «Атаманның ақыры» фильмінде басты рольде ойнаған сәттен танымал болды. Ел әлі күнге дейін оны чекист Чадьяров ретінде таниды. Қазір актер қазақ драма театры сахнасында қазақ өнеріне қалтқысыз қызмет етумен қатар, киноға түседі, Ұлттық Өнер академиясында дәріс оқиды.

    Михаил Швыдкой, Ресей Президентінің арнайы өкілі:

    — Дәл осы тұлға қазақ актерлік мектебінің, қазақ театры мен кинематографиясының даңқын асырды, сондықтан бұл сыйлықты Асанәлі Әшімовке табыстау өте орынды. Жер бетіндегі ең биік өнер – дұрыс өмір сүре білу, сондықтан бұл сыйлық қалай дұрыс өмір сүруге болатынын білетін адамдарға беріледі.

    Сыйлық үш аталым бойынша табыс етіледі. Олар: ғылым-білім, мәдениет-өнер және қайырымдылық қызметтегі жетістіктер. Мәдениет пен өнер бойынша беларус композиторы Игорь Лученок, скрипкашы Владимир Спиваковқа да табыс етілді.

    Полат Бюльбюль Оғлы, Әзірбайжанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі:

    — Біз гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қорда, өз Достастығымыз ішіндегі көрнекті тұлғаларды біріктіретін осындай сыйлық тағайындау дұрыс деп ұйғардық.

    «Достастық Жұлдыздары-2010» иегерлері біртуар тұлғалар. Мысалы, Бакуден келген Нариман Гулиев Үлкен андронды коллайдер құрастыру жөніндегі жоба жетекшілерінің бірі екені белгілі. Кырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Сабырбек Жұмабеков Орталық Азияда алғашқы болып омыртқа емдеудің тиімді де жаңа әдістерін енгізген. Бүкілресейлік апаттар медицинасы орталығының директоры Сергей Гончаров Белоруссия метросында болған жарылыстан кейін сол ел дәрігерлеріне көмек көрсеткен және Ливиядан ел азаматтарын алып шығуға қатысқан құтқарушы-дәрігерлер тобын басқарды.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020