• 25.04.2011
    2477

    Павлодардағы қазақ киносының күндері өз мәресіне жетті

    Барлық фотосуреттерді көру

    Дни казахского кино в Павлодаре

    Дни казахского кино в Павлодаре

    Жаңалықтар фотогалереясы

    Дни казахского кино в Павлодаре

    Дни казахского кино в Павлодаре

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастыруымен дүркіреп өткен Павлодардағы қазақ киносының күндері өз мәресіне жетті.

    Еске сала кетсек, сәуірдің 18 мен 22 жұлдызы аралығында Павлодар қаласында Ш. Айманов атындағы кинотеатрда Қазақ киносының күндері өтті. Мерекелік шара барысында көрсетілген 5 фильмнің барлығы да жұмыс күндері көрсетілгендеріне қарамастан, зал көрермендерге лық толы болды.

    Павлодар қаласының Мәдениет Басқармасының басшысы Қанат Каримов қала тұрғындарын облыс аумағы бойынша ұйымдастырылып отырған осы ауқымды мерекелік шарамен құттықтап, отандық фильмдерді тамашалауға шақырды. Мейрам шымылдығын режиссер Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» фильмі ашты. Көрермен назарына ұсынылған экшн жанрындағы ең үздік қазақстандық «Ликвидатор» фильмі, продюсер Тасболат Мерекеновтың таныстыруымен ұсынылған шытырман оқиғалы «Афалинаның секірісі» фильмі көрермендердің ыстық ықыласына бөленсе, режиссер Данияр Саламаттың «Бәйтерек» фильмін кішкентай бүлдіршіндеріміздің аса тебіреніспен тамашалады. Аталған фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған актриса Мөлдір Мырзақасымова жас көрермендермен суретке түсіп, ой-бөлісті. Ал режиссер Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая» жастар драмасын көрерменге таныстыру үшін арнайы актерлар тобы да барды. Олардың ішінде: Фархат Әбдіраимов, Әнуар Нұрпейісов. Павлодардағы қазақ киносы күндерінің шеңберінде көрсетілген соңғы фильм Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны».

    Қызыл кілемнің үстімен жүріп өткен Нұржұман Ықтымбаев, Ержан Жарылқасынов, Елжас Әлпиев, Алмагүл Әлішева, режиссер Рүстем Әбдіраш сынды кино жұлдыздарын қала тұрғындары орасан зор қошеметпен қарсы алды. Тіпті бұл қошемет фильмнің соңында ду қол шапалақпен жалғасын тапты. Ұшқыш болуды армандайтын Сұлтан есімді кішкентай баланың өмірін баяндайтын фильм Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасымыздың шығармалар желісі бойынша түсірілген. Бұл фильм әр көрерменнің жүрегінен лайықты орын тапқандығын залға лық толған көрермендер қошеметінен аңғару қиынға соқпады.

    Павлодар қаласындағы Қазақ киносының күндерін қорытындылай келе Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақфильм» киностудиясының басшылығына өз ризашылығын білдіріп, қазақ киносын халыққа насихаттау ісінде белсенділік танытқан отандық кинематографистерге да алғысын жеткізді. Ендігі кезекте облыстық қаржыландырумен Павлодар қаласындағы Жастар киносы деген бағыттағы фестиваль жоспарланған.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020