«Қош бол, Гүлсары!» фильмі 24 мен 28 сәуір аралығында Киш аралында өтетін I Халықаралық Иран кинофестивалінде байқауға қатысатын фильмдердің қатарына енді.

— Берілетін жүлделердің еш бір қажеті жоқ деп айтсам, бұл сөзім жалған болар еді.Өйткені әр бір жүлде фильмнің көрерменге жол тартуына өз септігін тигізеді. Жүлде алған сайын фильмнің көрермендері де арта түседі. Дегенмен де, кино әлемінде жүлде бірінші мәселе емес, егер фильм көрерменнің жүрегіне жетіп, санасында қалып жатса, осы мәселе маңыздырақ болар еді.

Киш аралындағы Халықаралық кинофестиваль алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға Иран, Түркия, Сирия, Үндістан, Тәжікстан, Әзірбайжан елдерінің фильмдері қатысады деп жоспарланған. Фестиваль шеңберінде әзірбайжан ақыны Низами Гянджеви туралы түсірілген деректі фильммен қатар, тәжікстандық екі деректі фильм көрсетіледі деп күтілуде. Ол екі фильмнің біреуі қасиетті ауған қаласы Мазари-Шариф жайында болмақ.

Фильмнің режиссері Ардақ Әмірқұлов: «Фильмнің жеңіске жетуі мен жетпеуін алдын-ала болжау қиын. Себебі, кинофестиваль дегеніміз, объективті көрсеткіштермен бағаланатын спорттық тартыс емес, қайта барлығы да субъективті түрде, нәзіктік пен шеберліктің үйлесімділігі сынға түседі» — деп, өз ойын қорытындылады. 

" /> «Қош бол, Гүлсары!» фильмі I Халықаралық Иран кинофестивалінде байқауға қатысады | AO «Казахфильм» им. Шакена Айманова


  • 20.04.2011
    3138

    «Қош бол, Гүлсары!» фильмі I Халықаралық Иран кинофестивалінде байқауға қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020