• 18.04.2011
    1761

    Нью-Йорк киноакадемиясы өкілінің сапары

    Нью-Йорк киноакадемиясының Лос-анджелес қаласындағы кеңсесінің басшысы Ден Маклер Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына келіп қайтты. Іс-сапардың негізгі мақсаты киностудия мен америка акдемиясының болашақта тұрақты түрде өзара бірлесіп жұмыс жасаудың жоспарларын талқылау болды.

    Шетелдік қонақ Ден Маклердің айтуы бойынша, қазақстанның кинонарығы олардың қызығушылығын арттырып отыр. Биылғы жылдың өзінде аталмыш оқу орнына 15 қазақстандық оқуға түсті. Жас кинематографистердің Нью-Йорк киноакадемиясына оқуға түсуіне қазақстандың кинематографистермен қатар Шәкен Айманова атындағы «Қазақфильм» АҚ қосқан үлесі зор.

    — «Қазақфильм» киностудиясын аралай жүріп, алған әсерімді жасыра алмадым.  Себебі, менің киностудия туралы ойым тым жақсы еді, ал бүгін ол ой одан әрі күшейте түсті. Техникалық жабдықталуы жағынан болсын, кәсіби мамандар жағынан болсын, киностудия алдыңғы қатарлы әлемдік студиялардан еш бір кем түспейді екен. Киностудия мен академия осы күнге дейін де өте тығыз жұмыс жасап келген, ендігі кезекте бұл өзара байланыс болашақта да өз жалғасын табады деп сенемін», деді шетелдік мейман Ден Маклер.

    — 2008 жылы Universal киностудиясының оқу орталықтарын аралап, біздің жастарға берілетін мол мүмкіндікпен танысып қайтқан болатынмын. Сондықтан, қазіргі кезде «Қазақфильм» мен «Нью-Йорк киноакадемиясының» арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара келіссөздер жүргізіп жатырмыз. — деді, «Қазақфильмнің» басшылығы.

    Сонымен қатар, Ермек Аманшаев ойымен бөлісе отырып, былай деді: «Ол кезде біз оқу бағдарламасының 4 апталық дайындық курстарын таңдаған болатынбыз. Өз таңдауымызды қателеспей жасағандығымызды енді түсініп отырмыз. Себебі, былтыр аталған оқу орнына білімдерін жетілдіру үшін барғандардың қатарында Фархат Шәріпов сынды жас мамандарымыз биыл үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Биыл киноакадемияда білім алып жатқан 4 жастарымыздың есімідері әлі де талай аталатындығына сенімім мол.»

    Еске сала кетсек, 1 сәуір күні «Қазақфильм» киностудиясы Нью-Йорк киноакадемиясының 4 апталық тәжірибие жинақтау курсына бір топ жас кинематографистерді жіберген болатын.  Олардың қатарында: жарнамалық баяндарды түсірумен танымал болған Берік Өтепбергенов, «Секіріс» фильмінің режиссері Қанағат Мұстафин, «Обратная сторона» фильмінде басты рөлді сомдаған жас актер Санжар Мәдиев және «Қызғылт қоян туралы хикая» жастар драмасы арқылы танымал болған актер Максим Акбаров та бар.

    Оқу Лос-Анджелес қаласындағы белгілі Universal Studios Hollywood студиясында өтеді. Оқу барысында жас мамандар кино өндірісінің толық курсын алып, режиссура және продюсерлік іс бағыты бойынша тәжіребие жинақтау мүмкіндігіне ие болады.

    Ден Маклер Ден Маклер Ден Маклер


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020