• 03.03.2011
    2046

    Алматыда Нұрмұхан Жантөрин жайлы фильм көрсетілді

    2011 жылдың 3 наурыз айында «Цезарь» кинотеатрында «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» фесивалінің шеңберінде режиссер Болат Шәріптің «Кескекті ердің сойы» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті. Фильм қазақтың белгілі актері Нұрмұхан Жантөринге арналған.

    Киносүйер қауымның алдында алғашқылардың бірі болып Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантай сөз сөйледі. «Тек қазақ жұртына ғана емес, сондай-ақ, бойындағы талантын алыс-жақын шетелге паш еткен отандық кинематографияның мақтанышы Нұрмұхан Жантөрин жайындағы фильмді назарларыңызға ұсыну мен үшін үлкен құрмет. Әсіресе, фильмнің авторы әрі режиссері Болат Шәріптің өзі болса…», — деді бас редактор.

    «Қазақфильмнің бұл бастамасын қуана-қуана құптаймын», — деді фильмнің авторы, — себебі, дәл осы іспетті жиындарда халық біздің еңбегімізді барынша бағалайды. Менің өзім документалист емеспін, тіпті осы салаға бет бұрғанымның өзі мен үшін таңқаларлық жайт. Дегенмен де, қазіргі күннің өзінде мен үш деректі фильм түсіріп үлгердім. Оның бірі Қаныш Сәтбаев жайында болатын. Осы фильмді түсіру барысында көптеген тың жаңалықтарды аштым. Өткенді саралап, зерттеуден рухани ляззат аламын. Сондықтан, осы салада қызмет ететін адамдарға менің айтар алғысым шексіз. Барлықтарыңызға көрсетілім сәтті өтсін деймін, себебі бүгінгі залда  Нұрмұханның шығармашылығымен, тіпті, оның өзімен таныс болған, замандас болған адамдар аз емес.» — деп, фильмнің режиссері Болат Шәріп көрермедермен ой бөлісті.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020