• 02.03.2011
    1994

    Алматыда «Мұхтар Әуезов. Триумфатор трагедиясы» атты деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті

    2 наурыз күні 2011 жылы «Цезарь» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалінің шеңберінде кинодокументалист Александр Головинскийдің «Мұхтар Әуезов. Триумфатор трагедиясы» атты деректі фильмінің көрсетілімі болды. 2007 жылы «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Құлагер» ұлттық киножүлдесінің лауреаты атанған бұл картинаны түсірілім тобымен қатар, Мұхтар Әуезов қорының президенті, белгілі мәдениеттанушы, фильмнің кеңесшісі Мұрат Әуезов таныстырды.

    Көрсетілім басталмас бұрын, Мұрат Әуезов: «Бұл фильм, менің ойымша, үлкен шығармашылық табыс.Себебі, бұл фильм екі талантты жандардың, фильмнің режиссері Александр Головинский мен ресейлік филолог, «Триумфатор трагедиясы» атты кітаптың авторы Николай Анастасьевтің шығармашылық еңбектерінің жемісі». Оның айтуынша, осы екі білімді адамдардың арқасында, ұлы классиктің шығармашылығы жайындағы фильм құнды да, ғибратты деректерге толы болып, үлкен зерттеу жұмыстары жасалды. Нәтижесінде көрермендер барынша Мұхтар Әуезовтың ішкі жан дүниесіне үңіліп, болмысына, оның тек  қазақ әдебиетінің мақтанышы ғана емес, сонымен қатар, өз заманында ХХ ғасырда орын алған қайғылы оқиғалардың құрбаны екендігіне көз жеткізді, — дейді, ұлы адамның ұрпағы Мұрат Мұхтарұлы.

    Фильмнің режиссері Александр Головинский: «Киноның сәтті шыққаны қуантады», — деп толғанды. «Осы фильмге ат салысқан барша қауымға шексіз алғысымды жеткіземін.Әсіресе, Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға, осы фестивальді ұйымдастырып, фильмдерімізді ел назарына ұсынуға мүмкіндік берген «Қазақфильм» киностудиясының басшылығына дән ризамын. Қазіргі таңда «Қазақфильммен» бірлесе отырып, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов жайында тағы да бір деректі фильмді дайындау үстіндеміз» — деп, режиссер көрермендермен жаңалығымен бөлісті…



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020