• 01.03.2011
    2305

    «Қорқыт — күй тарихы» деректі фильмінің тұсауы кесілді

    2011 жылдың 1 наурызында Алматы қаласының «Цезарь» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Қазақстанның жаңа деректі фильмдер» фестивалі ашылды. Фестивальді режиссер Берік Барысбековтың «Қорқыт — күй тарихы» атты деректі фильм ашты.

    Көрсетілім алдында режиссер қолдау беріп, отандық кинематография саласына үлес қосып отырғаны үшін «Қазақфильм» киностудиясына және қазақ мәдениетін, ән мен оның тарихын зерттеуші ғалымдарға алғысын білдірді. Сонымен қатар түсіру тобына және фильмде Қорқыттың образын сомдаған Тұңғышбай Жаманқұловқа алғысын білдірді.

    Режиссердің айтуына қарағанда, картинадағы Қорқыт бейнесі қалың жұртшылыққа жақсы таныс қобызшы, емші және философ образында ғана емес, сонымен қатар түркі тілдес мәдениетінің ірі тұлғасы ретінде көрсетілді. Фильм Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия мен Италия (Ватикандағы кітапхана) мемлекеттерінде түсірілді. Картина түркі тілді әлемінің жоғарғы бағасын алып, Түркияда өткен «Қорқыттану» ғылымына арналған симпозиумның арнайы жүлдесіне қол жеткізді.

    «Оның шығармашылық мұрасыnbsp;— зерттеушілер үшін ерекше құбылыс, оны 200 жыл ішінде біліп-танып келеді, алайда, жыл сайын құнды деректер тауып келеді»,nbsp;— деді Барысбеков.

    Фестиваль шеңберінде жеті деректі фильм көрсетілетін болады, олардың арасында Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев пен Бибігүль Төлегенова сынды тұлғаларға араналған фильмдер де бар.

    Korkyt  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020