• 28.02.2011
    1640

    «Казақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалі

    «Казақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалі

    Алматы қаласында наурыз айының 1 мен 7 аралығында «Цезарь» кинотеатрында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған деректі фильмдердің Фестивалі өтеді. Фестивальді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырып отыр.

    Соңғы жылдары Қазақстанның кино саласы қарқынды дамып келеді. Үрдісті даму барысында тек көпжанрлы көркем фильмдер ғана түсіріліп қоймай, сонымен қатар, жыл сайын мәдениет, ғылым саласын қамтитын 30-40 жуық деректі фильмдер де түсіріліп жатқандығы белгілі. Қазақстанда және Орта Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» атты фестиваль соның айғағы іспетті.

    Бір апта бойы көрермендер назарына елге, өнерге қалтқысыз қызмет еткен ұлы тұлағалардың өмірінен сыр шертетін фильмдер ұсынылады.

    Сондай-ақ, көрермендер көрсетілім барысында фильмнің кейіпкеркерлерімен, режиссерлермен пікір алмасып, сұхбаттаса алады.

    Көрсетілімнің басталуы сағат 11:00 де.

    Аккредитация жөнінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз-қызметіне мына телефон бойынша хабарласуға болады: 313-11-32, 8 777 288 99 70 Айжан.


    Фильмнің атауы

    Көрсетілім күні

    Режиссер

    «Қорқыт — күй тарихы»

    01.03.2011

    Берік Барысбеков

    «Мұхтар Әуэзов — Триумфатор трагедиясы» (2 бөлім)

    02.03.2011

    Александр Головинский

    «Нұрмұхан Жантөрин»

    03.03.2011

    Болат Шәріп

    «Әбіш Кекілбаевтың әлемі»

    04.03.2011

    Жанабек Жетіруов

    «Төрегелді Шарманов — Әлем азаматы»

    05.03.2011

    Бахыт Қайырбеков

    «Өмір Дастан» (Сәбит Оразбаев)

    06.03.2011

    Қазбек Әміржанов

    «Бибигүл Төлегенова — Аңыз адам портреті»

    07.03.2011

    Игорь Гонопольский



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020