• 09.02.2011
    1769

    Әйгілі монтажер Николас Трамбасьевич Қазақфильмде жұмысқа кірісті

    2011 жылдың 8 ақпанында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Кино алаңы» клубында режиссер Талғат Теменовтың «Менің күнәлі періштем» («Жеңу») атты фильмінің монтаж жұмыстарының аяқталуына орай баспасөз-конференциясы өтті.

    Баспасөз-конференцияның арнайы қонағы Франциядан келген, «Фан-фан тюльпан», «Васаби», «Денни-цепной пес», «Перевозчик», «Пятое измерение» фильмдерінің монтажын жасаған Николас Трамбасьевич болды. Николас Трамбасьевич режиссер Талғат Теменовтың «Менің күнәлі періштем» («Жеңу») фильміне монтаж режиссері қызметіне Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ арнайы шақыртуымен келді.

    — «Фильм өте әдемі, әрі көркем шықты» — дейді, фильм жайындағы ойымен бөлісе отырып, Николас Трамбасьевич. «Талғат және оның әріптестері тамаша іс бітіріпті. Жұмысқа кіріспес бұрын, біз ең алдымен тиянақты түрде фильмді көріп шығамыз. Себебі, фильмнің мән-мағынасын, актерлердің образды сомдау шеберлігін анықтап, біліп алғанымыз жөн. Жұмысымның барысында тілмашпен және режиссермен әрдайым ақылдасып отырдым, бірақ ең негізгі көмекті фильмдегі әуеннен алдым.», - дейді, шетелдік маман Николас Трамбсьевич.

    Бұл жоба несімен қызықтырды, деген сұраққа жауап бере отырып, ол көптеген елдердің мәдениеті және өркениетімен танысқысы келетіндігін айтты.

    — Бұрын-соңды мен Қазақстанда болған емеспін. Бұл ұсыныс мен үшін қазақстандық режиссерлермен, продюсерлермен кездесуге, олардың жұмыстарымен танысуға мүмкіндік берді. Әрине, аталған жобада жұмыс істеу мен үшін үлкен қуаныш, алайда, жұмыстың аты жұмыс. Мен үшін, осы жерге жасаған саяхатым маңыздырақ болды, — деген ойын да жасырып қалмады.

    Николас Трамбасьевич жұмыс барысының ұсақ-түйегіне келгенде, фильмнің монтаждық жұмыстарының біразын отандық мамандардың жасап қойғандығын айтты. Ал шетелдік маманның қатысуымен жұмыс 4-5 аптаға созылады.

    Фильмнің режиссері Талғат Теменовтың айтуы бойынша, «Менің күнәлі періштем» фильмінің тұсаукесер рәсімі биылғы жылдың көктем мезгіліне жоспарланған.

    Трамбасьевич Трамбасьевич Трамбасьевич
    Трамбасьевич, Барманкулова Трамбасьевич  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020