• 03.02.2011
    1856

    3D форматындағы қазақстандық алғашқы фильм 2011 жылдың көктемінде дайын болады

    Жақында еліміздің үлкен экрандарында Егор Михалков-Кончаловскидің «Возвращение в А» («Қара майор») атты фильмі жаңа 3D форматында көрсетілетін болады. Бұл кинотуындыны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Бәйтерек» ұлттық продюсерлік орталығымен бірлесе отырып шығарған.

    Фильмнің желісі бойынша, құрамында ресейлік белгілі телеарна қызметкерлері мен қазақстандық киногерлер бар жас та шығармашыл топ «Александр Македонскийдің жолымен» атты деректі кино түсірмек болып Алматыдан Ауғанстанға жолға шығады. Оларды ауыр да қауіпті жолда бір кездері Ауғанстан жерінде соғысқан және ұрыс кезінде аяғынан айырылған бір адам алып жүреді. Өз Отанының батыры әрі патриоты, нағыз дос және жас ұрпақ үшін үлгі бұл азаматтың есімі Марат Аюмов. Ол парсы тілін жақсы меңгерген, жергілікті салт дәстүрлермен және ауғандық «заңдармен» жақсы таныс. Бірақ та оның КСРО МББ-дағы мұсылман батальоны құрамында ауған соғысының аңызы Қара Майордың басшылығымен қызмет еткенін және Ауғанстанға қайта оралуының өзіндік те себептері бар екенін ешкім білмейді.

    «Возвращение в А» фильмін 3D форматында шығаруды ұсынған еліміздің кинопрокат мамандары дейді филімнің режиссері. Олардың айтуына қарағанда, көрермендер фильмнің күрделі және әскери қойылымдарын жаңа форматта көріп, үлкен әсер алады.

    Қазір «Возвращение в А» фильмі жаңа форматқа қайта өңделініп, осы жылдың наурыз айында дайын болады деп күтіліп отыр. «Возвращение в А» фильмі отандық кинематографияға жаңа серпіліс алып келетініне күмән жоқ.

    Анықтама үшін:

    Алғаш рет 3D технологиялар 1920 жылдары қолданыла бастады, алайда көптеген техникалық ахуалдарға байланысты 50 жылдары ғана үлкен сұранысқа ие болды. Жаңа форматтағы алғашқы фильмдер тізімі: «Дьявол Бвана», 1952 жыл; «Дом восковых фигур», 1953 жыл; «Оно явилось из космоса», 1953 жыл; «В случае убийства набирайте М», 1954 жыл.

    Ресейде 3D форматындағы алғашқы фильм 2010 жылы жарыққа шықты, ресейлік көрермендерге жаңа форматты ұсынған «Темный мир» фильмнің режиссері Антон Мегердичев.

    kara_maior kara_maior kara_maior
    kara_maior kara_maior kara_maior
    kara_maior    


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020