• 16.01.2011

    «Шуақты күндер» фильмі халықаралық фестивальде бақ сынайды

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссері Нариман Төребаевтың «Шуақты күндер» фильмі Швецияның Гетеборг қаласында өтетін «Бес континент» атты Халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына ілінді. Фестиваль 2012 жылы 27 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді.

    Бұл скандинавия елдеріндегі, тіпті әлемдегі ең ірі кинофестивальдерінің бірі. Негізгі конкурстық және конкурстан тыс көрсетілімдерден басқа, фестиваль шеңберінде шеберлік дәріс және семинарлар өткізіледі.

    Естеріңізге сала кетсек, «Шуақты күндер» фильмі Локарнода өткен халықаралық фестивальде «Premio Boccalino» жүлдесін иеленген болатын. Ал фильмнің режиссері Нариман Төребаев VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінде «ең үздік режиссура» номинциясында үздік деп танылған болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019