• 14.02.2012

    Шәкен Аймановтың туған күні

    2012 жылы 15 ақпанда қазақ киносының саңлағы, актер, режиссер, КСРО халық әртісі, Сталин атындағы жүлде мен Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шәкен Кенжетайұлы Айманов көзі тірісінде 98 жасқа толар еді.

    Шәкен Айманов 1914 жылы 15 ақпанда қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Шәкен Кенжетайұлы ұлттық кинематографияның алтын қорына енген 10-нан астам көркем фильм түсірді. Олар: «Махаббат дастаны» (1954, режиссерлік дебют), «Дала қызы» (1954) , «Біз осында тұрамыз» (1956), «Біздің сүйікті дәрігер» (1957), «Бір ауданда» (1961), «Ән шақырады» (1961) , «Жол торабы» (1962) , «Алдар көсе» ( 1964), «Атамекен» (1966), «Тақиялы періште» (1968), «Атаманның ақыры» 1970. Сонымен қатар, Шәкен Айманов актер ретінде «Райхан» (1940) фильмінде Сарсеннің рөлін, «Ақ раушан» (ЦОКС, 1942) фильмінде майдангердің рөлін, «Абай әндері» (1946) фильмінде Абайдың шәкірті Шәріптің рөлін, «Алтын мүйіз» (1948) фильмінде Жәкен Досановтың рөлін және «Жамбыл» (1953) фильмінде Жамбыл Жамаевтың рөлін сомдап шықты.

    1953-1970 жылдар аралығында Шәкен Айманов «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының көркемдік жетекшісі қызметін атқарып, сценарийлер жазып, актер және режиссер ретінде де жұмыс істеген. Сондай-ақ, өзі құрған Қазақстан кинематографистер Одағын басқарған.

    Шәкен Аймановқа берілген марапаттар мен жүлделер: Қазақ ССР халық әртісі, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, екі мәрте Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ленин ордені мен басқа да ордендер мен медальдердің иегері. 2007 жылы Шәкен Аймановқа «Экран Шебері» атағы берілді.

    Алматы қаласы көшелерінің бірі және «Қазақфильм» киностудиясы (1984) Шәкен Аймановтың есімімен аталады. Ол тұрған үйде және киностудия ғимаратында мемориалдық тақталар орнатылған. Павлодар қаласында режиссердің есімімен кинотеатр бар.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019