• 14.06.2022
    66

    Павлодарда ашық аспан аясында фильмдер көрсетіліп жатыр

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Павлодардың Ertis Promenade сахнасында «Қазақфильм» киностудиясының фильмдері тегін көрсетіліп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан аясында әр жылдары түсірілген көркем және анимациялық фильмдерді әр жексенбі күндері тамашалай алады. «Қазақфильм» киностудиясы мен Павлодар әкімдігі ұйымдастырған шара 12 маусым күні «Көшпенділер» тарихи фильмнің көрсетілуімен ашылды.

     

    19 маусым күні павлодарлықтар Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық комедиясын, ал маусымның соңғы демалыс күні – 26-шы маусымда Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмін тамашалайтын болады.

    Айта кестек, көрсетілімдер әр жексенбі күні өтеді, басталуы сағат 20:00-де. Кіру тегін. Көрсетілімдердің кестесімен Павлодар қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Instagram желісіндегі парақшасында @madeniet_pavlodar таныса аласыздар.

     

    Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен балаларға арналған «Жазғы кино» атты әлеуметтік жобаның іске қосылғаны туралы естеріңізге саламыз. Іс-шара аясында жаз бойы көпбалалы, көмекке мұқтаж, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары мен жасөспірімдерге тегін кино көрсетіледі.

     

    «Қазақстан» орталық концерт залында отандық кинотуындыларды көру үшін +7 747 107 5612 телефон нөмірі арқылы алдын ала тірелу қажет. Сондай-ақ әлеуметтік жоба туралы барлық ақпаратты концерттік ұйымның Instagram желісіндегі парақшасында @qazaqconcert алуға болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020