• 28.05.2022
    88

    Дәурен Абаев мәдениет қызметкерлеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын табыстады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Бүгін, 28 мамыр күні ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен «Ұлт рухы – ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның бірінші Мәдениет форумы шеңберінде мәдениет қайраткерлеріне салтанатты түрде мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын табыстады.

     

    Осылайша, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы қазақ кино өнерінің дамуына үлес қосқан киногерлерге, атап айтсақ, режиссер, кинодраматург Лаврентий Сонға, деректі кино режиссері Сатыбалды Текеевке, кинодраматург, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы Бекболат Шекеровке және продюсер, «Қазақфильм» киностудиясының Маркетинг қызметінің басшысы Ольга Хлащеваға берілді.

     

    «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы марапатталған киногерлерді шын жүректен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыстар тілейді!

    Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын беру туралы Жарлыққа қойға болатын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020