• 28.05.2022
    47

    Режиссер Әділхан Ержанов «Асанәлі» жүлдесімен марапатталды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Алматыда белгілі театр және кино актері, КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың мерейтойына орай «Аңыз Асанәлі» салтанатты кеші өтті.

    Шара барысында Қазақстанның кино және театр өнері саласында талмай еңбек етіп жүрген өнер майталмандарына бес номинация бойынша «Асанәлі» жүлдесі табысталды.

    «Үздік кинорежиссер» жүлдесімен Әділхан Ержанов марапатталды. Айта кетсек, режиссердің Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп түсірген «Штурм» фильмі жақын арада ұлттық прокатқа шығады.

    Аталған кеште үздік киноактер жүлдесімен Азамат Сатыбалды марапатталды. «Үздік театр актері» номинациясында Зарина Кармен топ жарса, «Үздік театр режиссері» аталымы бойынша Гаухар Адай жеңіске жетті. Сондай-ақ Лидия Қаденоваға «Театр және кино өнеріне қосқан үлесі үшін» жүлдесі табысталды.
    Іс-шараға Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Алматы әкімі Ерболат Досаев, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020