• 27.05.2022
    61

    ІІМ академиясында «Ұлы дала таңы» фильмінің көрсетілімі өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-мен орнатылған ынтымақтастық туралы меморандумға орай режиссер Ақан Сатаевтың  «Ұлы дала таңы» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті.

     

    Қасым хан туралы түсірілген тарихи кинотуындыны Академияның ұжымына режиссер Ақан Сатаев, тең сценарий авторы, кинодраматург Бекболат Шекеров және киностудияның вице-президенті Серік Әбішев таныстырды.

     

    Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған шараға Академияның бастығы Айдар Сайтбеков, арнайы тактикалық дайындық кафедрасының басшысы Олег Цой, сондай-ақ Академияның ұстаздары мен курсанттары қатысты.

     

    ҚР ІІМ Алматы академиясының бастығы бүгінгі шараның маңыздылығы туралы сөз айтып, фильмді көруге мүмкіндік берген туындының авторларына алғыс білдірді.  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020