• 27.05.2022
    53

    «Қазақфильмде» мәдениет саласының үздіктерін марапаттады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    26 мамыр күні «Қазақфильмде» киностудия президенті Ақан Сатаев мәдениет саласының үздіктері Раиса Тен мен Күләш Жұмахановаға салтанатты түрде төсбелгілерін табыстады.

    Президент өзінің құттықтау сөзінде актерлер мен режиссерлерге көп көңіл бөлінетінін, бірақ кино саласында маңызды емес мамандықтың жоқ екенін және Мәдениет және спорт министрлігі атынан мемлекет киностудия қызметкерлерін елеп, ұзақ жылдар бойы мамандығына деген адалдығын ескеріп, оларды назардан тыс қалдырмайтынын атап өтті.

    Киноматериалдар және таспаларды өңдеу бөлімінің бастапқы материалдарды бақылау және есепке алу жөніндегі маманы Раиса Тен 1985 жылы «Қазақфильм» киностудиясының табалдырығынан аттап, саналы ғұмырының 37 жылын қазақ киносына арнады.

    Кинокартиналар бойынша стратегиялық мәселелер бөлімінің басшысы Күләш Жұмаханова 1988 жылдан бері киностудиядағы жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді.

    «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұжымы мәдениет саласының үздіктеріне арналған құттықтау сөздердің барлығына қосылады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020