• 25.05.2022
    88

    «Қазақфильмде» кезекті ұжым жиналысы өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    2022 жылы 24 мамырда «Қазақфильмде» қызметкерлердің жалақысын көтеру және киностудияда орын алған жағдайларға қатысты  ұжымның жалпы жиналысы өтті.

    «Қазақфильмнің» басшылығы қызметкерлерге киностудияның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы, қаржылық тұрақтануға қол жеткізуге бағытталған алдағы  жобалар және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КеАҚ өткізетін сценарийлер байқауы (питчинг) жөнінде, сондай-ақ киностудияның комплаенс-қызметінің жүргізген шаралары туралы егжей-тегжей баяндап берді.

    Жиналысқа қатысқан ұжым мүшелері де өз ұсыныстарын білдіріп, киностудияның бірнеше бөлімдері мен қызметкерлері туралы ойларымен бөлісті.

    Жиын соңында «Қазақфильмнің» ұжымы Ақан Сатаевтың ұсынысымен арнайы ұйымдастыру құрылымын құру және киностудия қызметкерлерінің еңбек ақысы қорын үлестіру мақсатында құрамына жұмыс беруші мен қызметкерлер кіретін комиссияны құру туралы шешімге келді. Аталған комиссия бір айдың ішінде ұйымдастыру құрылымы мен қызметкерлердің жалақысын төлеу механизмінің жобасын киностудияның Директорлар кеңесіне ұсыну үшін «Қазақфильмнің» басшысына ұсынуы тиіс.

    Сондай-ақ киностудияның ұжымы барлық даулы мәселелерді Қазақстан Республикасы заңы аясында қарастыруды, оның ішінде татуласу процедуралары және басқа да даулы мәселелерді ортақ мәмілеге келтіру механизмдері жөнінде шешім қабылдады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020