«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ анимациялық жобаларға байқау жариялайды.
Конкурсқа Қазақстан, ТМД және Грузия азаматтары қатыса алады.
Сценарийге қойылатын талаптар:
Сценарийдің бірінші бетінде келесі тармақтар (кесте) жазылуы міндетті:
1. Сценарийдің атауы;
2. Сценарий авторының аты-жөні (толық жазу);
3. Байланыс нөмірі, электрондық поштасы;
4. Фильмдердің жас санаты: 0+, 3+, 5+, 7+, 12+;
5. Фильмнің жанры (шектеу жоқ);
6.Тілі (қазақша, орысша);
7. Ұзақтығы -3-5 минут.
Талаптарға сәйкес жазылған сценарийлерді srk@kazakhfilm.kz поштаға жіберу керек. Өтініштер 2022 жылғы 17 мамырдан бастап 7 маусымға дейін (қоса алғанда) қабылданады.
ЕСКЕРТПЕ:
· Барлық сценарий өтінімдері Word форматында, сценарий талаптарын ескере отырып қабылданады.
· Егер сіздің сценарийіңізді Сараптамалық кеңес бекітетін болса, бұл жобаны «Қазақфильм» АҚ өндіріске жібереді.