• 12.05.2022
    101

    Алматыда режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің тұсаукесері өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Алматыдағы Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты тарихи экшн-драмасының тұсаукесері өтті.

             ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген тарихи кинотуындыны салтанатты шараға қатысқан көрермендерге фильмнің қоюшы режиссері Ақан Сатаев, сценарий авторы Бекболат Шекеров, екінші режиссер Жайна Әбдиева, грим бойынша суретшілер Лидия Ордынская және Ботагөз Әбдібаева, костюм бойынша суретші Дина Буксикова, кастинг-директор Майра Әбдиева, Қасым ханның рөлін сомдаған актерлер - Данияр Оразаев пен Берік Айтжанов, Тұңғышбай әл-Тарази, Нұрлан Әлімжанов, Айдос Әбдіқадыров, сонымен қатар кеңесшілер таныстырды.

    -         - Фильмді шығаруға бір жылдан астам уақыт кетті. Тіпті монтаж жұмыстарын түсірілім алаңында жүргізуге тура келді. Түсірілімге барлығы 2500 мыңға жуық адам қатысты. Олардың әрқайсысы өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарады. Осы сәтті пайдаланып барлық түсірілім тобына алғысымда айтқым келеді, - деді Ақан Сатаев.

    Сондай-ақ режиссер ел тарихындағы орны ерекше Қазақ хандығы дәуірін – XIV-XV ғасырды суреттеу оңай болмағанын және фильмді түсіру барысында тарихи фактілерге аса назар аударып, сценарий жазылған күннен бастап тарихшылармен бірге жұмыс жасағандарын, әр детальдерді тек мамандармен ақылдаса отырып пайдаланғандарын айтты.

     -         Бұл менің кино әліміндегі алғашқы тәжірбием. Бұрындары фильмдер қалай түсірілетіні туралы аса мән бермеппін. Түсірілім кезінде шығармашылық топпен бірге бар қиындықтарды өз көзіммен көріп, «осы фильмнен кейін мен тек көрермен ретінде қала берейін», деп Ақанға айттым. Ол болса, фильмді түсіру мен үшін бақыт деп айтқан болатын. Шынында да, әр эпизодқа, әр тарихи оқиғаларға аса назар аударып, сценаристермен бірге жұмыс істедік. Олар шығармашылық жағынан, біз – тарих жағынан бағыттап отырдық, - деді профессор Берекет Кәрібаев.

    Айта кетсек, бұл фильмге сондай-ақ философия және сәулет өнері докторы Алмас Ордабаев, суретші, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф-қару-жарақ сарапшысы Қалиолла Ахметжан, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Тәттігүл Қаратаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор Айболат Көшкімбаев шақырылған болатын. 

    Көрсетілім соңында көрермендер ұзақ қол соғып, фильмнің авторларына алғысын жеткізді.

    Айта кетсек, тарихи кинотуынды бүгін, 12 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020