• 13.05.2022
    83

    Ақан Сатаев Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерімен кездесті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев Нұр-Сұлтандағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Кино өнері мен телеарна» факультеті студенттері және ұстаздарымен кездесті.

    Қонақтарды қарсы алған факультет деканы Әубәкір Сүлеев «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаевты және киностудияның өндіріс бойынша вице-президенті Серік Әбішевті факультеттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, арнайы экскурсия ұйымдастырды. «Қазақфильм» делегациясы арнайы оқу декорациялары тұрғызылған түсіру павильонды тамашалап, университеттің техникалық жабдықтарымен танысты.

    Ақан Сатаев білім ордасының кино саласындағы мүмкіндіктерін жоғары бағалап, бүгінгі студенттер сүбелі туындыларды түсіруге жағдайлары бар екенін атап өтті. Режиссер өзінің студенттік кездері туралы еске түсіріп, ол кезде еліміздің университеттерінде бұндай техникалық жабдықтардың болмағанын айтты.

    Кейін студенттермен кездесу сұрақ-жауап түрінде өрбіп, Ақан Сатаев қазақ киносының бүгінгі жағдайы, өзі түсірген киножобалары және «Ұлы дала таңы» фильмінің түсіру барысы туралы қойылған сұрақтарға егжей-тегжей жауап берді.  

    Кездесу соңында Ақан Сатаев студенттерді 12 мамырдан бастап ұлттық прокатқа шыққан «Ұлы дала таңы» фильмінің елордадағы тұсаукесеріне шақырды.  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020