• 09.05.2022
    66

    Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Қасым хан бейнеленген алып картина Қабдолов және Өтеген батыр  көшелерінің қилысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің  қабырғасына салынды.

    Аталған мурал Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылғанын айта кету керек.

    Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова және Гафура Қайырбекова салды. Олардың айтуына қарағанда Қасым ханның беснесін салуға бір апта және 120  дана баллон бояу кеткен екен.

    Естеріңізге сала кетсек, «Ұлы дала таңы» тарихи фильмі 12 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетілетін болады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020