Қазақстандық киногерлер «Қазақфильм» киностудиясында 80 түп ағаш отырғызды
Барлық фотосуреттерді көру
Жаңалықтар фотогалереясы
Бүгін, 5 мамыр күні «Қазақфильм» киностудиясының аумығында еліміздің белгілі киногерлері қатысуымен ағаштарды отырғызу шарасы өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ төрағасы Есетжан Қосыбаев және қазақ киносының ардагері, киностудияның көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов сөз сөйледі. Өз сөзінде Ақан Сатаев қазақстандық киногерлерді біріктіруге бағытталған бұл шара міндетті түрде жалғасын табатынын айтты. Ал Есетжан Қосыбаев киностудия басшылығына алғысын білдіріп, қазақ киносының саны арта берсін деген тілек білдірді.