• 06.12.2021
    158

    Қазақстан киносының фестивалі Еуропаның төрт бірдей қаласында өтеді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Қазақстан киносының фестивалі өз шекарасын кеңейтуде. Биыл аталған мәдени іс-шара желтоқсанның 9-ы мен 16-ы аралығында Парижде, сонымен қатар Страсбург, Брюссель (Бельгия) және Люксембург (Люксембург) қалаларында өтеді.

     

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған фестиваль Париж қаласының әкімшілігі қолдауымен Францияның Қазақстан кино қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Аталған кино мерекесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігі, Франияның Қазақстандағы елшілігі, Қазақстан Республикасының Бельгиядағы елшілігі, Страсбургтегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығы, Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығы, Еуразиялық энергетикалық топтың және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен өтеді.

     

    Биылғы 3-ші Қазақстандық кино фестивалі гибрид форматында өтетінін айта кету керек. Іс-шараға фестивальдің елшісі атанған белгілі актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік актриса» жүлдесіне қол жеткізген Самал Еслямова және фестивальдің құрметті президенті, белгілі режиссер Сергей Дворцевой қатысады.

     

    9 желтоқсан күні сағат 18:30-да Париж қаласының әкімшілігі ғимаратында өтетін фестивальдің ашылу салтанатында режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі көрсетіледі. Одан бөлек фестиваль шеңберінде келесі туындылар халық назарын ұсынылатын болады:

     

    - «Қазақ тілі сабақтары», режиссері Ермек Шынарбаев;

    - «Алла – Восточная жемчужина Диор» деректі фильмі, режиссері Берлин Иришев;

    - «Сары мысық», режиссері Әділхан Ержанов;

    - «Өркениет тарихы» қысқаметражды фильм, режиссері Жаннат Алшанова;

    - «Уақыт жолдары» фильмі, режиссерлері Ерлан Нұрмұхамедова (Қазақстан) және Лиза Такеба (Жапония) ;  

    - «Жұлдыздар тоғысқанда», режиссері Сергей Снежкин.

     

    Сонымен қатар фестивальдің ресми сайты арқылы режиссер Ефим Дзиганның «Жамбыл» және режиссер Адай Әбелдиновтың «Күлтегін» анимациялық фильмін тамашалауға болады.

     

    Фестивальдің жабылу салтанатында белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Нарымбетовты еске алу кеші өтеді, сонымен қатар режиссердің «Аманат» фильмі көрсетілетін болады. 

     

    Фестиваль шеңберінде көрсетілетін фильмдер кестесін осы жерден көруге болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020