• 10.11.2021
    97

    «Мерген» фильмі Түркияда екі бірдей жүлдеге қол жеткізді

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Қысқаметражды «Мерген» фильмі Түркияда өткен  Golden Wheat Awards фестивалінде екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық кинотуынды «Үздік режиссер» (Райымбек Әлжанов) және «Үздік оператор» (Сардар Баймолдин) номинацияларында үздік деп танылды.

    Кинотуындының оқиғасы XVII ғасырдағы Ұлы даладағы соғыс кезінде өрбиді. Аталған фильмде жас та болса, қолына қару алып, отбасын қоғауға бел буған Мерген есімді жасөспірімнің өмірі баяндалады.

    Естеріңізге сала кетсек, «Мерген» фильмі биыл Канадада жаз айында өткен жанрлық киноларға арналған дүниежүзіндегі беделді фестивальдердің бірі – халықаралық Fantasia кинофестивалі шеңберінде алғаш рет көрсетілген болатын. Ал қазан айының соңында бұл туынды Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен халықаралық кинофестивальге қатысып, «Үздік триллер» жүлдесіне қол жеткізді.

    Қысқаметражды фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен  Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

    Айта кетсек, «Мерген» және ҰКҚМО қолдауымен «Қазақфильм» икностудиясы түсірген басқа да қысқаметражды киноларды Алматыда 23-26 қараша аралығында «Арман» кинотеатрында көруге болады. Сондай-ақ бұл фильмдер 7-10 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында көрсетілетін болады. Көрсетілімдердің кестесі «Қазақфильмнің» әлеуметтік желілері арқылы жарияланатын болады.





Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020