• 26.10.2021
    143

    Түрік делегациясы «Қазақфильм» киностудиясында болды

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Бүгін «Қазақфильм» киностудиясына  Түркияның мәдениет және туризм жөніндегі министрдің орынбасары Ахмет Мисбах Демирджан бастаған түрік делегациясы келді.  Қонақтарды киностудия президенті Ақан Сатаев, вице-президенттер Айдархан Әділбаев пен Айдар Баталов қарсы алды.

    Дәстүр бойынша қонақтарға Шәкен Аймановтың ескерткішінен бастап экскурсия өткізілді. Түрік делегациясы ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, киностудияның басқа да көрікті жерлерін аралап қайтты. Олар «Қазақфильмнің» павильондарын көріп, пленка лабораториясы мен анимация орталығында болды. Сонымен қатар түрік делегациясы Dolby дыбыс жазу студиясында барып, қазақстандық Nomad Stunts каскадерлері қатысуымен түсірілген фильмдердің үзінділерін тамашалады.

    Ахмет Мисбах Демирджан өз сөзінде Түркия мен Қазақстан арасындағы терең тарихи және мәдени байланыстарға тоқталып, бірлескен мәдени жобаларды кеңейтудің маңыздылығын айтып өтті. Ол «Қазақфильм» киностудиясының басшылығына қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, қараша айында Түркияда өтетін «Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне шақырды.

    Кездесу соңында қонақтарға Шәкен Аймановтың DVD фильмдер жинағы табысталды.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020