• 25.10.2021
    157

    Ақан Сатаев Түркі Кеңесінің медиафорумына қатысты

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев Ыстанбұлда қазанның 22-і мен 24-і аралығында өткен Түркі Кеңесінің «Тұғырлы тарихы бар жарқын болашақ» тақырыбындағы медиафорумға қатысты.

    Айта кетсек, аталған Форумға  қатысқан қазақстандық делегацияның құрамына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай, «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Елдос Нәшірәлі, актриса Альмира Тұрсын, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалиева және басқалары кірді.

    Медиафорум аясында Түркі әлемінің бірлігі мен келешегі, кино өндірісі, әлеуметтік желілер, өскелең ұрпақтың тәрбиесі сияқты тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ қазақстандық делегация әлемге әйгілі тарихи түрік телехикаяларды түсіретін жергілікті Bozdağ Film компаниясына барып қайтты.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020