• 21.10.2021
    71

    «Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде болады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Аты аңызға айналған қазақ ақыны Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайтын «Мұқағали» көркем фильмі 2021 жылғы 12-28 қарашада Эстонияда өтетін мерейлі 25-ші Таллин кинофестивалінің «Күңгірт түндер» (PÖFF) негізгі конкурстық бағдарламасына енгізілді.

     

    Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев түсірілім тобының қатысуымен Алматыда өткен фильмнің тұсаукесері кезінде мәлімдеді.

     

    Айта кету керек, бұл шараға Мұқағали Мақатаевтың ұлы мен келіні – Жұлдыз және Бақыткүл Мақатаевтар да қатысты, олар шығармашылық ұжымның атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, ақынның 90 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық медальдарды табыс етті. Медальдарды алған режиссер Болат Қалымбетов пен сценарий авторларының бірі Жүсіпбек Қорғасбек бұл олардың ең басты сыйлығы екенін атап өтті.

     

    «А» санатындағы «Күңгірт түндер» кинофестивалі 1997 жылдан бері өткізіліп келеді, бұл Балтық жағалауындағы ең үлкен фестиваль және Шығыс Еуропадағы ең ірі кино көрсетілімдердің бірі. Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл PÖFF-тің негізгі конкурстық бағдарламасына барлығы 19 фильм енгізілген, олардың арасында қазірдің өзінде марапатталған фильмдер мен көптеген дүниежүзілік және халықаралық премьералар бар.

     

    Біз фестивальдің 25 жылдық мерейтойына таңдалған фильмдерді мақтан тұтамыз, олар таң қалдырады, әрі өзіңе жаңа нәрсені ашуға мүмкіндік береді және жүректің түбіне дейін бойлайды” – деді, PÖFF директоры Тийна Локк.

     

    Айта кетерлігі, фестивальдің басты байқауында қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Ұжымдық иммунитет» фильмі де бас жүлдеге таласады. Сонымен қатар, «Жастар фильмі» байқау бағдарламасында режиссер Фархат Шәріповтің «18 килогерц» фильмі бар.

     

    Бүгін, 21 қазанда «Мұқағали» фильмі жалпыұлттық прокатқа шықты. Бүгіннен бастап аталған фильмді еліміздің барлық кинотеатрларынан көріге болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020